Әлемнің тағы екі елінде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллиондық межеден асып, антирекорд орнады.
Бұған дейін миллиондық межеден төрт мемлекет – Америка, Үндістан, Бразилия және Ресей асқан болатын. Енді бұл тізімге Еуропадағы Испания мен Латын Америкасындағы Аргентина қосылды. Екі ел де коронавирустың екінші толқынымен күрес жүрзігіп жатыр.
Негізі Аргентинада наурыздың аяғында қатаң карантин енгізіліп, індеттің таралуы бәсеңдеген. Алайда шектеу шараларының жеңілдетілуі салдарынан ауру қайта өрши түскен. Әсіресе, соңғы айда деректер саны күрт артқан. Індеттің өршуіне байланысты қазір жансақтау бөліміндегі орындардың 65%-ы бос емес.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 40 миллионнан астам кейс тіркелген. Дертке шалдыққандар саны қайта артқан мемлекеттер төтенше жағдай енгізіп, карантин шараларын қатаңдата бастаған. Әсіресе, АҚШ пен Еуропада вирустан төнген қауіп артқан. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағы бойынша бюро директоры Ханс Клюге Еуропа елдерінде қабылданып жатқан шектеу шараларын мақұлдады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел