АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы әскери бюджет жобасы аясында Украинаға 250 миллион доллар беру туралы келісімге қол қойды.
Құжат бойынша дауыс беру Сенатта өтуі тиіс. Құжат мәтінінде «Украинаның Қарулы күштеріне қолдау көрсетуге және көмектесуге бағытталған қауіпсіздік бастамасы аясында АҚШ 250 миллион доллар қаржы береді» делінген.
Жалпы көлемі $740 млрд асатын қорғаныс бюджетінің жобасында Пентагонның базалық қажеттіліктеріне $635,5 млрд, Энергетика министрлігінің желісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік саласындағы бағдарламаларды іске асыруға $26,6 млрд және шетелде операциялар жүргізуге $69 млрд бөлу қарастырылған.
4 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресті заң шығарушы органдардың қос палатасы келіскен 2021 жылға арналған әскери бюджет жобасында әлеуметтік желілерді жауапкершіліктен босату туралы құжатты бұғаттаған. Трамп өзінің Twitter парақшасында: «Біздің еліміз үшін де, біздің ұлттық қауіпсіздігіміз бен сайлаудың адалдығы үшін де өте өкінішті жағдай. Соңғы мүмкіндік – шешім қабылдау. Мен вето қолданамын», – деп жазды.
1996 жылғы коммуникация этикасы туралы Заңның 230-бөлімі технологиялық компанияларды пайдалану, жою немесе модерациялау үшін сот істерінен қорғайды. Мамырдың соңында АҚШ көшбасшы елдегі әлеуметтік желілерді реттеу туралы атқарушы Жарлыққа қол қойды. Трамптың айтуынша, бұл құжат аталған салада жаңа реттеу шараларын орнатуға арналған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді