Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ әскери кемесінің Қаратеңізге кіруіне қатысты пікір білдірді. Ол «Ресей Әскери-теңіз күштерінің барлық жағдайға дайын» деп мәлімдеді.
Сергей Лавров аталған мәлімдемесін Мәскеуге сапарлай келген Венесуэлла сыртқы істер министрі Феликс Пласенсиамен кездесуден кейінгі баспасөз жиынында ортаға салды.
СІМ басшысынан бұрын Ресей президенті Владимир Путин америкалық USS Mount Whitney кемесінің Қаратеңізге кіруіне байланысты наразылық танытқан болатын.
АҚШ әскери кемесінің Қаратеңізге кіруін Мәскеу Батыс елдерінің Украинаны қолдауы ретінде қабылдап отыр. Бұған дейін Ұлыбританияның бірнеше әскери кемесі Қырым түбегіне жақын маңда әскери операцияларды орындап қайтақан болатын.
Онда да Мәскеу Британдық кемелерді «арандатуға әрекет жасады» деп айыптаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы