Қазақстан Азия даму банкінен шамамен 908,6 млн еуро және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен тағы 661,8 млн еуро қарыз алмақ. Мәжіліс тиісті заң жобаларын жалпы отырыс кезінде мақұлдады.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев: «Президенттің Жарлығына сәйкес Қазақстан мен Азия даму банкі арасында 908,59 млн.еуро сомасындағы қарыз туралы келісімге қол қойылды. Қарыз 2021 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қарыз қаражаты Қазақстан Үкіметінің COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді», – дейді.
Өтеу мерзімдеріне қатысты Азия даму банкінің қарызы екі бөлікке бөлінген: 454,29 млн. еуро жеңілдікті кезеңнің үш жылын қоса алғанда, 10 жылдық мерзімге беріледі. Қарыздың қалған бөлігі -454,29 млн.еуро сыйақы мөлшерлемесі +0,50% болатын жеңілдікті кезеңнің үш жылын қоса алғанда, 5 жылдық мерзімге беріледі.
«Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша 661,8 млн. еуро сомасында қарыз алмақ. Жамаубаевтың айтуынша, бұл сома пандемиямен күрес және 2021 жылғы бюджетті реттеуге бағытталған.
Үшжылдық бюджет жобасындағы қаржы тапшылығы 2021 жылы 2,6 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 3,4%-ын құрауы тиіс.
Қазақстан бюджеті қаңтар-қыркүйек аралығында коронавирус пандемиясы мен оны таратпау мақсатында енгізілген шектеу шараларының салдарынан шамамен 1,1 трлн теңге қаржыдан қағылған. Кәсіпкерлік саласындағы салық алымына байланысты нақты шығын 300 млрд теңгеге жеткен.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті