Жасыл климат қоры (GCF) Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) негіздеме бағдарламасы арқылы жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды іске асыру үшін Қазақстанға 110 млн доллар көлемінде қаржы береді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

GCF-тің бұл салымының 106 млн доллары жеңілдікпен қаржыландыру бойынша, 4 млн доллары грант түрінде техникалық көмек көрсету үшін беріледі.

Жобалар Қазақстан Үкіметінің «жасыл экономикаға» көшуіне көмек көрсетуге, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерінің интеграциясын модернизациялауға, күн, жел энергияларын дамытуға бағытталады.

Жасыл климат қоры 124 ел үкіметтерінің бастамасымен дамушы елдерде парниктік газдардың шығуын шектеу және қысқарту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделуге көмек көрсету үшін құрылған.

“The Qazaq Times”