АҚШ келесі жылдың басында Ауғанстан мен Ирактағы әскерінің санын қысқартпақ.
Америка Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Крситофер Миллер мәліметінше, жоспарға сай Уашингтон Ауғанстандағы жауынгерлер санын 4 жарым мыңнан 2 жарым мыңға, ал Ирактағы сарбаздарын 3 мыңнан 2 жарым мыңға азайтпақ.
Шешім президент Дональд Трамптың бұйырығына сай қабылданған. Шенеунік бұл қадамнан Американың стратегиялық мүддлеріне еш нұқсан келмейтінін айтады. Алайда кей республикалықтар мен демократтар Трамптың бастамасын сынға алып жатыр. НАТО басшысы Йенс Столтенберге те бұл істе асығыстық қауіпті деген пікірде.
2001 жылы 11 қыркүйекте болған оқиғадан кейін, АҚШ үкіметі Усама бен Ладен жетекшілігіндегі «әл-Каида» ұйымына қарсы әскери әрекетке шешім қабылдады. Алғашқы адымда АҚШ-тың 100 мыңнан астам әскері Ауғанстанға кірді. Алайда, бұл қадамнан кейін АҚШ үкіметіне ішкі-сыртқы қысымдар артып кетті. Көптеген адамдар үкіметке бұл қымбат әскери әрекетті тоқтатуға ұсыныс тастады.
2014 жылдың соңында, АҚШ-тың жетекшілігіндегі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы Ауғанстандағы Халықаралық Қауіпсіздік Көмек күші жедел миссиясын аяқтады. Ауғанстанның қауіпсіздік күштері жаттығулары мен құрал-жабдықтармен қолдауға ойысты. Бастапқы жоспарға сәйкес, Ауғанстандағы АҚШ әскерінің саны 2016 жылдың соңына қарай 1000 адамға дейін қысқартылатын болған. Бірақ бұл қысқартуды АҚШ-тың бұрынғы президенті бірнеше рет бәсеңдетіп келді.