АҚШ-тың Ауғанстан істері бойынша арнайы өкілі Залмай Кализат қызметінен кетті. Ол бұған дейін АҚШ пен «Талибан» ортасындағы келіссөздерді алып барған болатын.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Ауғанстан істері бойынша арнайы өкіл болып Кализаттың орынбасары Томас Весттің келгенін мәлімдеген. Бұрынғы арнайы өкілдің ұзақ уақыттың жүргізген келіссөздері нәтижесіз болды деп бағалануда, себебі, АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шыға салысымен ел билігін тәліптер басып алды.

Мәліметтерге қарағанда Кализат мемлекеттік хатшыға жазған хатында ауған үкіметі мен «Талибан» арасындағы саяси келісім «күтпеген нәтиже бергенін» мойындаған. «Бұның септері көп, ол туралы ойларымды жақынғы күндерде білдіремін», – деген Залмай Кализат өз хатында. Ол сондай-ақ, ауған халқы тап болған жағдай үшін қайғыратынын да білдірген екен.

Дүйсенбіде Блинкен Залмай Кализаттың қызметтен кеткенін мәлімдей отырып: «Мен оның Америка еліне ондаған жыл еткен еңбегі үшін ризашылығымды білдіремін», – деді.

Кіші Буш кеінен бері АҚШ-тың Ауғанстан мәселесі бойынша арнайы өкілі қызметін атқарып келген Ауғанстан тумасы Залмай Кализат биыл 70 жаста. Құрама Штаттардың ардагер дипломаттарының бірі саналады.  Былтыр қаңтарда Доха қаласында АҚШ пен «Талибан» ортасында келісімге қол қоюшының бірі.

The Qazaq Times