Еуропалық одақ коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша төртінші келісімшартқа қол қойды. Одақ жаппай 2021 жылдың көктемінен бастап жаппай вакцинациялауды жоспарлап отыр.
Еурокомиссия германиялық фармакологиялық BioNTech және америкалық Pfizer компаниясымен коронавирусқа қарсы 300 миллионға жуық доза сатып алу туралы келісімге қол қойды.
Еурокомиссияның ресми өкілі Эрик Мамер мәлімдеуінше, уағдаластық екпенің барлық сынақтарды аяқтап, қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген соң жүзеге асырылмақ. Еуроодақ үшін вакцина аталған компаниялардың Германия мен Бельгиядағы бөлімшелерінде шығарылады.
Өткен аптада Pfizer және BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған вакцина барлық сынақтан сәтті өтіп, 90% дәлдік көрсеткен. Екі компания осыған дейін вакцинаның адамға теріс әсері болмағанын мәлімдеді. Қазір Pfizer мен BioNTech АҚШ билігінен осы айда вакцинаны төтенше жағдайда қолдануға рұқсат алмақ.
Мәліметтер бойынша, ғылыми зерттеу жұмысына әлемнің 6 елінен 43 мың 500 ерікті қатысқан. Мамандар препараттың бір де бір жанама әсер бермегенін сеніммен айтып отыр. Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан артық оң нәтиже көрсеткен.