АҚШ пен Қытай арасында одақтастыққа бірінші қадам жасалды.Оның дәйегі – екі мемлекет Сүриядағы бейбіт тұрғындарға жасалған улы газбен шабуылға қарсылық білдіргені.
Сүриядағы бейбіт тұрғындарға улы газбен жасалған химиялық шабуылға қарсылық білдіру ол – Асад режімі мен Ресей саясатына қарсылық білдіреміз деген сөз. Менің ойымша, Қытай мен АҚШ өзара одақтастыққа алғашқы қадам жасап отыр. Мүмкін екі тарап қалыптасып келе жатқан бағыттан бас тартар, бірақ АҚШ пен Қытай Ресейге қарсы одақтас бола жаздады. Осы екі ұлы держава (АҚШ пен Қытай әлемде әскери және экономика жағынан ең қуатты мемлекеттер), Ресейге қарсы одақтас бола қалса – онда Ресейдің жағдайы тіпті мүшкіл болмақ.
Қытайдың Ресейге қыжылы бар, ол – территориалық талаптар; Қытай XIX ғасырдың ортасындағы «Апиын соғысынан» кейін әлсіз болып, Айгун және Пекин келісімдеріне қол қойып, Амур өзенінің бойындағы өлкелерді Ресейге беруге мәжбүр болған. Сол тұста XIX ғасырдың ортасында басқа ірі мемлекеттер де Қытайдан жер олжалаған. Ұлыбритания Цзюлун жарты аралының оңтүстігі, сол сияқты «Апиын соғыстарының» нәтижелері және жоғарыда аталған Пекин келісімі бойынша Гонконг те соның еншісінде болды. Португалия да жер иеленді (1557 жылдан бастап Макаоны). Сонымен, бүгінгі күнде Ұлыбритания және Португалия барлық отар территорияларын Қытайға қайтарды, тек Ресей ғана тартып алған жерлерін Қытайға қайтармай отыр. Сондықтан, АҚШ пен Қытай Ресейге қарсы ымыраласуы мүмкін. Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі глобалдық тәртіпті бұзды деп есептеледі: Ресей Украинадан Қырымды тартып алды және Шығыс Украинадағы «азамат соғысын» қолдап отыр. Ал Калининград облысында «Ескендір» ракеталарын орналастырып, Батыс Еуропаның зәресін алып отыр.
Қорыта айтсақ, АҚШ, Иранды «кешіріп», оны Ресейге қарсы қойды. Енді АҚШ Қытаймен одақтас бола қалса, егерде бұл одақтастық пен ымырашылдықты Еуропалық Одақ қолдаса, онда оқшауланған Ресейді АҚШ, Европалық Одақ және Қытай түтіп жейді.
(Бірнеше сілтеме:https://ru.wikipedia.org/wiki)
Әзімбай Ғали, саясаттанушы
“The Qazaq Times”