Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторингі комитеті хабарлады.
Комитеттің хабарламасында: «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санциялады. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды», – делінген.
Бұған дейін экс-министрдің цифрландыруға бөлінген 526 миллион теңге қаржыны талан-таражға салды деген айыппен күддікке ілінгені мәлім болған.
Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін биыл 25 қаңтардан 25 маусымға дейін басқарып, коронавирус күшейген тұста отставкаға кеткен. Оның орнына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Цойды тағайындады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы