Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен 14 қазанда қос тарап арасындағы келіссөздерді талқылайды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Ұлыбритания бұған дейін мәміле бойынша Еуроодақпен ортақ келісімге келе алмағанын мәлімдеген. Оның үстіне Brexit жобасының өтпелі кезеңі аяқталуға жақын. 15 қазанда Борис Джонсон келісімге қол жеткізудің соңғы күнін белгілеген. Дәл осы күні Брюссельде Еуропалық одақ саммиті жоспарланған. Премьердің айтуынша, белгіленген датадан кейін келіссөздерді жалғастырудың еш мағынасы жоқ.
Ұлыбритания 1 ақпанда Еуропалық одақ құрамынан кетті. Брюссель мен Лондон осы жылдың соңына дейін өтпелі кезең туралы уағдаласты, оның барысында Біріккен Корольдікке барлық еуропалық нормалар қолданылады. Британия тарабы өтпелі кезеңді ұзартудан бас тартты. Қалған уақыт ішінде Лондон мен Брюссель экономикалық байланыстар туралы құжатты бекітуі керек. Егер келісім бұл жолы да нәтижесіз болса, тараптар барлық сауда баждары мен квоталарды қолдана отырып, ДСҰ ережелері бойынша әрекет етеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті