Әзірбайжанның Қазақстандағы елшілігі Армения қарулы күшетерінің атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату туралы келісімді өрескел бұзғанын және Әзірбайжан Республикасының екінші ірі қаласы Гянжаға зымыран шабуылын жасағанын айыптап, қазақстандық БАҚ құралдарына мәлімдеме таратты. Төменде ӘР СІМ тарабының ресми мәлімдемесін ұсынамыз. 

Жарақат алғандар арасында балалар да бар. Фото: ӘР СІМ.

Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі:

Ресей Федерациясының дәнекерлігімен Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасының Сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өткен кездесуі нәтижесінде қол жеткізілген 2020 жылдың 10 қазан күні сағат 12:00-ден бастап атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату режимін ұстану келісіміне қарамастан, Арменияның қарулы күштері бұл келісімді өрескел түрде бұзуды жалғастыруда.

Атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату режимі күшіне ене салысымен, Әзербайжанның  Агдам және Тертер аудандары Армения қарулы күштері тарапынан зеңбірек оғына ұшырады. Арменияның қарулы жасақтары осыдан бірнеше сағат өткен соң Гадрут және Жәбраил бағытында шабуыл әрекетін жасады.

Армения қарулы күштерінің Суговшан аумағында армян солдаттарының мәйітін жинап жүрген ақ ту тігілген санитар машинасын атқылауы нәтижесінде бір медициналық қызметкер ауыр жарақат алды.

11 қазан түні майдан шебінен алыс орналасқан, көлемі бойынша Әзербайжанның екінші үлкен қаласы Гянжа Армения қарулы күштері тарапынан ракеталық шабуылға ұшырады. Шабуыл нәтижесінде 7 азамат қаза тапты, араларында балалар да бар 34 адам жарақат алды.

Атысты гуманитарлық мақсатта тоқтату туралы келісімнен кейін Армения қарулы күштерінің бейбіт тұрғындар мен қалаларға оқ жаудыруы варварлықтың та айқын мысалы болып табылады, ал Армения басшылығының атысты тоқтатуға шақыруы екіжүзділігінің айғағы.

Арменияның бейбіт тұрғындарға, үйлерге, азаматтық объектілерге және медициналық қызметкерлерге Әзербайжанға қарсы агрессия саясаты шеңберінде қасақана оқ жаудыруы бұл елдің халықаралық гуманитарлық құқық және Женева конвенцияларымен бірге халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларды елемейтінін, өз міндеттерін сөзсіз бұзатынын және гуманизмнің негізгі қағидаттарынан мүлдем алыс екенін тағы бір жолы көрсетеді.

Армения тарапынан жасалған агрессия актілерін қатаң түрде айыптаймыз және халықаралық қоғамдастықты басқыншы ел Арменияны халықаралық құқық пен халықаралық міндеттерді ұстануына мәжбүрлеу мақсатында батыл қадамдар жасауға шақырамыз.

Аумақтағы ахуал жауапкершілігі Арменияның әскери-саяси басшылығының мойнында.

“The Qazaq Times”