Евро Одақ Шенген аймағындағы тексерісті күшейтпек. Бұл тексеріске өзге ел азаматтарымен қатар, Евро Одаққа мүше елдердің азаматтарыда ілігетін болады. ЕО бұндай ұйғарымға ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барды - деп мәлімдеді Еврокомиссия мүшесі АFP агенттігіне.
Бұрын Шенген аймағында ЕО азаматтары тексеріссіз емін-еркін жүре алатын болса, енді оларды Евро Одақ аймағына кірерде де, шығарда да тексеретін болады.
Бұндай ұсыныс Еврокомиссияға 2015 жылғы Парижде болған терактіден кейін жасалған. Және бұл шешім евро одақ төлқұжатымен Сүрияға, Иракқа жиһатқа аттанып жатқан азаматтарды тоқтату мақсатында қабылданған. Осыған дейін ЕО қауіпсіздік қызметінің мәлметінше европадан «Ислам Мемлекеті» ұйымына 5000-ға жуық адам аттанған.
“The Qazaq Times”