Жарты жыл бұрын Шымкент қаласындағы әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлау фактісі бойынша қозғалған іске үкім оқылып, нүкте қойылды.
Биыл ақпан айында Шымкент қаласының 10/216 әскери бөлімінен қару ұрлады деген айып тағылған кіші сержант Абылай Балғынбай сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол әскери атағынан айырылып, одан бөлек қылмысқа қатысы бар деген айыппен Қамбар Шадияр мен Мәлік Бақдәулет 8 жылға, Бауыржан Дамиров, Бағдәулет Арын, Орынбек Қанағат әрқайсы 3 жылға абақтыға қамалды. Айыпты деп танылған сегізінші азамат сот залынан босатылды.
Іске қатысы бар деген тағы бір жазаланушы Бекжан Санжарға 1 млн 219 мың теңге айыппұл салынды.
Ішкі істер министрлігі ақпанда Шымкент маңындағы әскери бөлімнен 60 қару (29 «Калашников» автоматы, 28 «Макаров» тапаншасы, 2 мылтық) ұрланғанын хабарлаған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы