Алматыда 6 қазаннан бастап театрлардың жұмысы қайта жанданады. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мәдени мекемелердің тек жартысына ғана кісі жайғаса алады.
Нақтырақ айтқанда, театр залындағы көрермендерге арналған орынның тек 50%-ына әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып адам отыруға рұқсат етіледі. Бұдан аспауы тиіс.
«Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы қажет. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», – делінген қаулыда.
Сонымен қатар, қалада дәмханалардың, көлік жуу-жөндеу орындарының, адамдармен байланысы жоқ режимде жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты таңғы сағат 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ұзартылды.
Еуропа елдері мен оған жапсарлас Украина, Ресейде панемия жаңа қарқын ала бастаған. Сәйкесінше ауырған науқастар саны күрт өскен. Сол себепті Канада, Нидерланды, Чехия, Испания, Швеция, Италия, Дания, Германия, Грекия, Португалия және Бельгия тәрізді көптеген елдердің ірі қалаларында әртүрлі деңгейде шектеу шаралары күшейіп жатыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр