АҚШ-тың Сүрияға жасаған шабуылы әлемді дүр сілкіндірген зор жаңалықтардың бірі болып тарады. Құрама Штаттардың қарулы күштері жағынан Башар Асад бас болып отырған Сүрияның қазіргі үкімет армиясының әскери базасы талқандалды. АҚШ-тың тосын шабуылы осыдан бұрын Сүрияда болып өткен химиялық қару қолдануға жауап ретінде жасалды.

АҚШ-тың жасаған бұл реткі әрекетінен кейін, әлемнің Сүрия ісінде талайдан қалыптасқан дағдылы әдет бойынша пікірлері екіге бөлінді. Сонымен АҚШ-жақтаушылар мен оның әрекетін айыптаушыларды айтып өтелік. Қолдау танытқандардың алдын ЕО Кеңесі бастап тұр. Шабуылдан кейін көп ұзамай ЕО Кеңесінің төрағасы пікір білдіріп: «АҚШ-тың шабуылы, аяусыз химиялық қару қолданудың бірден бір жауабы», – деген баға берді және алда АҚШ-пен лаңкестікке бірлесе отырып қарсы тұру тебінін арттыратынын айтты.

НАТО да бұл жолғы әрекетте АҚШ-ты жақтады. Ұйымның бас хатшысы Йенс: «Бұл істің бірден бір жауапкершілігі, химиялық қару қолданған Сүрия үкіметінің мойнында», – деді.

Ұлыбритания, Франция, Германия, Сауд Арабиясы, Австралия, Голландия, Польша және Жапония да Құрама Штаттың қадамын дұрыс деп тапқан.

Ал, Сүрия ісінде АҚШ-пен бір тұрғыда бола алмайтын Ресей мен Иран ғана шабуылды өзгелердің егемендігіне қол сұғу десті.

“The Qazaq Times”