Петербор метросында жарылыс жасады деген күдікпен 8 адам ұсталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылды - деп жазады bbc.com сайты.
"Сенная площадь" және"Технологический институт" аялдамаларында өзін-өзі жарып жіберген лаңкеске қатысы бар деген күдікпен Петербор қаласында 6 адам, Мәскеуде 2 адам ұсталған. Санкт-Петербордың Невский аудандық соты күдіктілерді 2-ші маусымға дейін қамауда ұстауға шешім шығарған. Ал Мәскеудегі екінші күдіктіні, Басманның ауданының соты 3-ші маусымға дейін қамауға үкім етті. Бірақ олар өздерінің кінәсіздігін алға тартып, жоғарғы сотқа шағымданатынын айтқан.
3-ші сәуірде Петербор метросында жарылыс болып, салдарынан 14 адам көз жұмып, 50 адам жарақат алған болатын.
“The Qazaq Times”


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі