Бүгін, 26 тамыз Алматы қаласында бірқатар қоғам қайраткерлері мен белсенділерінің қатысуында «ЕЛ мен ЖЕР» республикалық қоғамдық қозғалысы құру және стратегиялық жоспарларын нақтылау турасындағы жиналыс өтті.
«Көк-Төбе» шипажайының салтанат залын өткен жиынға мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Балташ Тұрсымбаев, қоғам белсендісі, журналист Рысбек Серсенбаев, режиссер Еркін Рақышов қатарлы ондаған белсенді азаматтар қатысты.
Қоғам белсенділері бұл шараны Қазақ елінің ұлттық шекарасы анықталып, белгіленгеніне 100 жыл толуына орай өткізген. Шара барысында «ЕЛ мен ЖЕР» қоғамдық қозғалысы құрылып, қозғалыс жетекшісі ретінде мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Балташ Тұрсымбаев сайланды.
Жиынға қатысушылардың мәлімдемесінде, қоғамдық қозғалыстың басты мақсаты «қазақ жерін қорғау» екенін баса айтты. Қозғалыс 2016 жылы жер туралы заңға жарияланған моратория мерзімінің толуына, жаңа заң жобасын ұсынуға ат салысу және «Алатау» ұлттық паркінің сатылуына қарсы шараларды алып баратыны белгілі болды.
Шара соңында қозғалыс жетекшісі ұйымның жарғысын дайындауға тапсырмалар берді. Қоғам белсенділері бірауыздан «Жерді қорғау» үшін ат салысатындарын жеткізді.