Қазақстанда бұған дейін коронавирус жұқтырғандардың аймақтардағы көрсеткіші күнделікті жарияланса да, бірақ коронавирустық пневмонияға шалдыққандардың саны тек жалпылай айтылып келген. Енді...
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыз күні өткізген брифингте КВИ- немесе U07.2 кодымен белгіленетін коронавирустық пневмонияның аймақтардағы көрсеткішін сол аптада-ақ жіктеп жариялауға уәде берген. Әйтсе де министр сөзі БАҚ өкілдері мен редакцияның қайта-қайта сұрауынан үш жарым апта өткен соң іске асты.
ДенМин жанынан құрылған Ақпараттық-медиа орталығы QT сауалына жауап берді.
«Сіздің коронавирустық инфекция бойынша деректерді жариялауға қатысты сұрығыңыз назарға алынды және ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап өңірлер бөлінісінде коронавирустық пневмония бойынша деректер күн сайын тұрақты негізде жарияланатын болады», – делінген ресми жауап хатта.
Сондай-ақ, ведомство 25 тамыз күні тіркелген ковидтік пневмония науқастарының аймақтық атласын ұсынды:
Республика бойынша өткен күні 781 науқас / 8 өлім жағдайы болған.
Оның ішінде:
- Ақмола облысында – 20 / 1;
- Ақтөбе облысында – 21 / 1;
- Алматы облысында – 38 / 1;
- Атырау облысында – 10 / 0;
- Батыс Қазақстан облысында – 40 / 0;
- Жамбыл облысында – 23 / 0;
- Қарағанды облысында – 34 / 0;
- Қостанай облысында – 88 / 0;
- Қызылорда облысында – 2 / 0;
- Манғыстау облысында – 14 / 0;
- Павлодар облысында – 57 / 0;
- Солтүстiк Қазақстан облысында – 27 / 0;
- Түркістан облысында – 58 / 0;
- Шығыс Қазақстан облысында – 118 / 2;
- Астанада – 101 / 0;
- Алматы қаласында – 114 / 0;
- Шымкент қаласында – 16 / 2.
1 тамыздан бастап коронавирустық пневмониямен жалпы есебі 23 543 ауырып / 268 адам қайтыс болды.
Оның ішінде:
- Ақмола облысында – 727 / 24;
- Ақтөбе облысында – 818 / 23;
- Алматы облысында – 1 202 / 36;
- Атырау облысында – 1288 / 12;
- Батыс Қазақстан облысында – 743 / 9;
- Жамбыл облысында – 1 570 / 3;
- Қарағанды облысында – 1743 / 20;
- Қостанай облысында – 2 342 / 12;
- Қызылорда облысында – 886 / 5;
- Манғыстау облысында – 812 / 3;
- Павлодар облысында – 1 475 / 14;
- Солтүстiк Қазақстан облысында – 823 / 0;
- Түркістан облысында – 939 / 4;
- Шығыс Қазақстан облысында – 3 047 / 26;
- Астанада – 2 547 / 19;
- Алматы қаласында – 2 023 / 42;
- Шымкент қаласында – 557 / 16.
Бұл есеп сайтымызда жарық көргенімен, Денсаулық сақтау министрлігінің интернет ресурстарында әлі жариялана қойған жоқ.
https://qazaqtimes.com/article/79430