Коронавирус садарынан әлемде жұмыссыздық деңгейі едәуір артып, әрбір бесінші маман қызметсіз қалған. Бұл туралы БҰҰ хабарлады.
Қазір әлемдегі әрбір бесінші жас жұмыссыз қалған. Пандемия жастарға білім беру процесі мен мамандар даярлау жағын тұралатты. БҰҰ өкілдері барлық мемлекет шұғыл шара қабылдамаса, бұл мәселе ондаған жылға созылып кетуі мүмкін дейді.
БҰҰ Бас экономисі Эллиот Харрис: «Соңғы 20 жыл бойы бүкіл әлем жастарының 20 проценті жұмыссыз жүр және кәсіптік-техникалық білім алмай келеді. Ол аздай, коронавирус өршіп, еңбек нарығындағы жағдайды одан да бетер ушықтырып жіберді. Бізде 15 жыл ішінде жастарға 600 миллион жұмыс орынын құру жоспары болған. Пандемия басталмай жатып, ол толық орындалмай келген еді. Енді қазіргі жағдайда бұл көрсеткіштерге жету қиын болары сөзсіз», – дейді.
Мәліметтер бойынша, дағдарысқа дейін жасы 29-ға келмеген 178 миллион адам пандемиядан ең көп зардап шеккен секторлар – бөлшек сауда мен туризм саласында еңбек еткен. Бірақ олардың 77%-ы заңсыз жұмыс істеген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі