Алматы әуежайының маңындағы 191 жер телімі заңсыз сатылған. ҚР Сыбайлас-жемқорлықпен күрес қызметі осылай деп мәлімдеді.
Ресми мәліметке сенсек тұрғын үйлер салу үшін сатылған жер телімдерінің көлемі 12,7 га құрайды екен. Хабарламада айтылғандай, Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің бастамасымен құрылған қылмыстық топ мемлекеттік қордағы жер телімдерін заңсыз жолмен иемденіп, сатылымға шығарған.
2019 жылдың 27 желтоқсанында “Bek Air” әуе компаниясының жолаушылар мінген ұшағы Алматы әуежайынан ұшып шыққан сәтте апатқа ұшырап, заңсыз салынды деп танылған тұрғын үйге соқтығысқан болатын. Осы оқиғадан кейін Панфилов ауылдық округінің экс-әкімі Нұрғали Аппазовтың үстінен әуежей маңындағы жерлерді сатты деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Кейінірек күдіктілер қатарына Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары да ілінді. Қазір Талғар аудандық әкімдігінің жауапты қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр делінген ресми мәлімдемеде.
Өткен жылдың 28 желтоқсанында болған ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алған еді. Экспертизаның нәтижесі бойынша апатқа ұшақтағы техникалық ақау себеп болған. “Bek Air” әуе компаниясының басшылығы егер жолда заңсыз салынға үй болмағанда, апаттан еш шығынсыз шығуға болатын еді деп, тұрғын үйдің иесімен соттасқан болатын. Құзырлы органдардың заңсыз жер телімдеріне неліктен апатқа дейін назар аудармағандағы әлі де түсініксіз.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес