Алматыдағы ұшақ апатынан тірі қалған екі экипаж мүшесіне ота жасалды. Қазір олардың жағдайы тұрақты ауыр.
13 наурызда Алматы әуежайына қонар сәтте Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті авиация қызметінің ұшағы Ан-26 апатқа ұшырады. Ұшақ ішінде алты экипаж мүшесі болған. Оның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Екеуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза тапқан әскери қызметкерлердің аты-жөні мен лауазымын жариялады:
Майор Барлықбаев Ғабит Есімдеұлы, 1984 жылы 19 қазанда туған, Авиация бөлімінің штурманы;
Капитан Баймұратов Досжан Ғалымбекұлы, 1985 жылы 15 желтоқсанда туған, Авиация бөлімі ұшу тобының борт технигі;
Аға лейтенант Сағымбаев Мұхтар Қажымұқанұлы, 1994 жылы 24 қарашада туған, Авиация бөлімі ұшу тобы экипажының штурманы;
Сержант Васильков Евгений Борисович, 1985 жылы 10 қарашада туған, Авиация бөлімі ұшу тобының аға борт механигі.
АН-26 ұшағы 1947 жылы 31 тамызда алғаш әуеге көтерілген. Ал 1973 жылы Кеңес Одағында іске қосылған.
Әуе кемесінің техникалық сипаттамасы мынадай:
Тасымалдау қуаты – 5,6 тонна;
Қалыпты көтеру салмағы – 23 тонна;
Максималды көтеру салмағы – 24 тонна;
Ішкі бактардағы отынның көлемі 7 тоннаны құрайды;
Жоғары жылдамдығы – 540 км/сағ.
Қанат аралығы – 29,2 метр;
Ұшақтың ұзындығы – 23,8 метр;
Биіктігі – 8,6 метр;
Сыйымдылығы 40 адамға дейін.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы