Төтенше жағдай жаряланғаннан бері Қазақстанда билік әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарындағы өкімет жұмысын өткір сынағандарды мұқият бақылап, журналистерді тергеп сотпен қудалап отыр деген Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" баспасөз қорғау ұйымы (RSF) Қазақстан билігін індет жайлы хабар таратқан журналистерді қудаламауға шақырды.

Ұйым өкілдері полиция қызметкерлерінің өткен аптада Facebook-тағы жазбасы үшін шымкенттік журналист әрі блогер Зәуре Мырзақожаеваны жеті сағат бойы тергелгені туралы, журналистің сөзінше полиция "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату" ісін зерттеп жатқанын айтып, ол жайлы мәлімет бермеу туралы қолхат алғанын мәлімдемеді.

"Қоғамда дүрбелең тудырмауды желеу етіп Қазақстан билігі журналистер мен блогерлерді қудалап жатыр, эпидемия туралы [блогерлер таратқан] хабарламалар ресми ақпаратпен сәйкес келмейді" деді 30 сәуірде ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бюро жетекшісі Жанна Кавелье.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" баспасөз қорғау ұйымы осылай ескерту айтып жатқанда кеше ғана 31 арнадағы "Шыны керек" жобасының жүргізушісі, белгелі журналист Ирина Советжанқызы өзінің Facebook-тағы парақшасында «12-аурухана менің үстімнен полицияға арыз түсіріпті(.Фб жазған жазбаларым үшін. Орталық клиникалық ауруханадағы алғашқы ковид деректерін анықтағаным үшін, инфекция ошағы ретінде неге жаппайсыздар деп министрді белгілеп, фейсбукке пост салғаным үшін...» деп өзінің үстінен арызды аурухананың бұрынғы Бас дәрігері Алмас Джувашевтің атынан 12-аурухана заңгері жазылғанын жариялады.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының өткен аптада жарияланған "Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексінде" Қазақстан 180 елдің арасында 157 орында тұр.

"The Qazaq Times"