АҚШ, Франция және Ұлыбритания БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Сүриядағы Идлибтегі химиялық қару пайдаланды деген ақпаратқа сәйкес қаулы қабылдады деп хабарлайды РИА Новости агенттігі АҚШ-тағы БҰҰ-ның тұрақты өкілдігіне сілтеме жасай отырып.
Агенттік өкілдерінің айтуынша: "Сүрияның Хан-Шейхун ауданында химиялық қаруды пайдаланды деген ақпаратқа негізделіп жасалған АҚШ, Франция, Ұлыбританияның бірлескен қаулысы 4 сәуір күні Қауіпсіздік Кеңесінің барлық өкілдеріне кең таралды".
Ресейдің қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, Сүрияның әуе күштері Хан-Шейхун елдімекенінің шетіндегі Идлиб провинциясында орналасқан Иракқа жеткізіліп тұратын химиялық қару және басқа да террористердің қару-жарақ қоймасына шабуыл жасаған болатын.
Сүрияның оппозияция мен революциялық күштерінің ұлттық коалициясы сейсенбі күнгі Хан-Шейхун қаласының Идлиб ауданындағы химиялық қарумен шабуылдан 80 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланғандығын мәлімдеді. Оппозиционерлер бұл шабуылға Сирия үкіметінің әскерін кінәлап отыр.
Ал Сүрия әскері бұл террористердің шабуылы екендігін айтуда.
Болған оқиғаны тергеумен БҰҰ мен химиялық қаруға тиым салу Ұйымы айналысып жатыр. Әзірге ешқандай нақты ақпарат жарияланбады.
“The Qazaq Times”