Атырау облысының Жылыой ауданы аумағындағы "Теңізшевройл" компаниясының вахталық поселкесіндегі "Болашақ" лагерінің жұмысшылары лагерь аумағына "коронавирус жұқтырып, карантинде жатып шыққан" адамдарды әкелуге наразылық танытты. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Бұған "Теңізшевройлдың" вахталық жатақханасындағы жұмысшылар наразылығы 19 сәуірде түн ортасында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тарады. Видео түсіріп, әрі комментарий жасап тұрған адам "Бұл - Теніздің "Болашақ" жатақханасындағы айқай-шу. Емделіп, карантинде жатып шыққан адамдар көрінеді" дегені себеп болған.
Жұмысшылардың "Теңізшевройлдың" "Ватернас" вахталық поселкесінде бір адамның вирус жұқтырғаны белгілі болған. Бұл туралы Атырау облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бастығы Жасұлан Бисембиев өз парақшасында ТШО-ның ресми жауабын жариялады. Онда 17 сәуірде Теңізде вахталық ауысыммен жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің бірінің суық тигенге ұқсайтын белгілермен вахталық поселкедегі медицина бөлімшесіне шағымданғаны айтылған. 19 сәуірде алынған тест қорытындысы оның COVID-19 вирусын жұқтырғанын растаған.
"Теңізшевройл" компаниясының баспасөз хатшысы Ерлан Ислямовтың айтуынша, "Болашақ" лагерінде вахталық ауысыммен жұмыс істеп жатқан адамдар жағдайды дұрыс түсінбеген. Жұмысшылар "экспресс тестілеуден өтіп, "Болашақтағы" блок ішінде үйлеріне кететін көлік күтіп отырған әртүрлі мердігер мекемелердің қызмектерлерін "коронавирус жұқтырғандар" деп ойлаған".
Баспасөз хабарламасында "Ол жұмысшы қазір Атырау қаласындағы инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Ол жүрген ғимарат толық дезинфекцияланды. ТШО-дағы өндірістік жұмыстар істеп тұр» деді.
"Теңізшевройл" компаниясы Атырау облысындағы Қазақстанның ірі кен орындарының бірі - Теңіз кенішін 1993 жылдан бері игеріп келеді.