АҚШ ғалымдары коронавирусқа қарсы шығарылған екінші вакцинаны сынақтан өткізе бастады.
Мамандардың айтуынша, екпе егілген адамдардың денсаулығы бірнеше ай бойы жіті бақыланатын болады. Болжам бойынша вакцина қабылдаған ағзада вирусқа қарсы антиденелер пайда болу керек.
Өткен айда Құрама Штаттарында коронавирустың жаңа түріне қарсы шығарылған алғашқы вакцина алғаш рет сынақтан өткізілген болатын. Әзірге дәрінің нәтижесі жарияланған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, ғалымдардың жұмысы оң нәтиже берсе, препараттың көпшілікке қолжетімді болуы үшін әлі шамамен бір жылдай уақыт кетеді.
Бірінші вакцинаны NIAID ғалымдары мен Кембридждегі Moderna Inc. биотехнологиялық компаниясының ғалымдары жасаған. жаңа препарат клиникалық сынақтың үш сатысынан өтуі тиіс. Егер тест сәтті аяқталса, онда жаппай пайдалануға вакцина 12-18 ай ішінде берілетін болады.