Ресейлік «Спутник V» вакцинасын Словакияға жеткізу туралы келісім кезекті жанжалға айналды. Қазір ірі келісімге қауіп төніп тұр – Ұлттық дәрі-дәрмектер басқармасы (SUKL) вакцинаны жеткізуде қателіктердің болғанын жариялады. Енді Ресей тарапы «Спутниктің» 200 мың дозасын кері қайтаруды талап етіп отыр.
Осы аптада словакиялық Dennik және Noviny газеттері осы мәселеге байланысты құжатты жариялады. Онда ресми басқарманың Словакия Денсаулық сақтау министрлігінен сұраған құжаттаманың болмағаны айтылады. Яғни вакцинаны сатып алу кезінде жасасқан келісімшарттағы толық мәліметтер келтірілген құжатты Ресей тарапы ұсынбаған. Деректердің шамамен 80%-ы жоқ. Бұл өз кезегінде Словакя үкіметінің вакцмнаға деген күмәнін туғызған.
Словакия мен Венгрия Еуропаның дәрі-дәрмекті реттеу агенттігінің шешімін күтпей, Ресейден 2 миллион доза вакцина сатып алу жөнінде келісімге отырған. Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерде қолданылған вакциналар Словакияға жіберілген партиялардың сипаттамаларына сәйкес келмеген. Елге «Спутникті» жеткізуге байланысты келіспеушіліктер бір айдан бері жалғасып келеді. Төрт партиялық басқарушы коалициядағы серіктестердің қарсылығына қарамастан, сол кезде премьер-министр болған Матович жасырын түрде Денсаулық сақтау министріне Ресеймен келісім жасасуды және вакцина сатып алуды тапсырған. Нәтижесінде алты министр, оның ішінде премьер болған Матовичтің өзі отставкаға кетті.
Ресей «Спутник-V» вакцинасын толық клиникалық сынақтан өткізбей жатып жаппай вакциналауға рұқсат еткен болатын. Мәскеудің бұл қадамы ел ішінде де, әлем елдері арасында да пікірталасқа жол ашып еді. Дегенмен, The Lancet басылымы мамандардың зерттеу нәтижесін алға тарта отырып «Спутник V»-тің өнімділігін, қауіпсіздігі Pfizer, Oxford / AstraZeneca, Moderna және Janssen қатарлы коронавирусқа қарсы вакциналардың қатарына қоюға болады деген.
Мамандардың пікірінше «Спутник-V» вакцинасы коронавирусқа қарсы жұмыс істеуі Британияда шығарылған Oxford/AstraZeneca мен Бельгияда жасалған Janssen вакцинасына ұқсас. Яғни, жеңілдетілген сасық тымау вирусы арқылы коронавирустың бір бөлігін адамның имундық жүйесіне жеткізеді. Соның нәтижесінде адамның имундық жүйесі коронавирусқа қарсы күресуге қабілетте болмақ.
Қазақстанда аталған ресмилік вакцина 1 ақпаннан бастап салына бастады. Дегенмен, «Спутник-V» турасында азаматтардың пікірі әртүрлі.