КХДР Жапон теңізіне қарай ұзақтығы 230 шақырым болатын екі қысқа қашықтыққа бағытталған баллистикалық зымырандарды ұшырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі Корея Республикасы штаб бастықтары комитетінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Сеул мен Токио: «Солтүстік Кореяның мұндай әрекеттері бүкіл әлем қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқан жағдайда орынсыз және біз КХДР-ден зымыран ұшыруды тез арада тоқтатуды талап етеміз», — дейді. Жапония қорғаныс министрі Таро Коно атап өткендей, қазіргі уақытта жапон әскері қолда бар деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізуде.
22 наурызда Кореяның орталық телеграф агенттігі КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын республикада жаңа тактикалық ракеталардың ұшырылуын бақылап жатқанын хабарлады. Оңтүстік Кореяның штаб бастықтары комитетінің хабарлауынша, содан кейін КХДР елдің шығыс жағалауындағы Пёнган-Пукто провинциясынан екі қысқа қашықтыққа бағытталған баллистикалық зымыран ұшырған.
2 және 9 наурызда Ким Чен Ын қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандар ұшырылған артиллериялық жаттығуларды басқарды.
Былтыр АҚШ-пен ұзаққа созылып кеткен ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөздер аясында Солтүстік Корея зымырандарды 13 рет сынақтан өткізген болатын. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр