АҚШ мамандары алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцинаны адамға салды, – деп хабарлайды ВВС.
Вакцинаны NIAID ғалымдары мен Кембридждегі Moderna Inc. биотехнологиялық компаниясының ғалымдары жасаған. жаңа препарат клиникалық сынақтың үш сатысынан өтуі тиіс. Егер тест сәтті аяқталса, онда жаппай пайдалануға вакцина 12-18 ай ішінде берілетін болады.
Вакцинаны зерттеу Сиэтл қаласында орналасқан Уашингтон ғылыми-зерттеу институтында жүзеге асады. Мамандар алғаш рет екпені Сиэтлдегі сау адамға салып, клиникалық зерттеу жүргізген. Алдағы күндері 45 адамға екпе салынбақ.
Сарапшылардың айтуынша, аллергия және инфекциялық аурулардың ұлттық институты жаңа вакцинаны жануарларға сынақтан өткізбестен, бірден адамға салу туралы шешім қабылдаған. Бұл вакцинаның нарыққа шығуын тездетеді. Дегенмен вакцинаны жаппай қолданысқа енгізу үшін уақыт керек.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті