Дональд Трамптың сайлауалды штабы «президентке жала жапты, жалған хабар таратты» деген айыппен The Washington Post басылымын сотқа берді. Бұл туралы The Hill сайты хабарлады.

Washington Post газетінде Америкадағы сайлауға Ресейдің араласқандығы туралы бірнеше мақалалар жарық көрген. Бұған дейін Ақ үй басшысының сайлауалды әкімшілігі The New York Times газетінің редакциясын «президент туралы жалған ақпарат таратты және жала жапты» деп сотқа берген. Басылымның атқарушы редакторы Макс Фрэнкелдің «Ресей мен Трамптың уағдаластығы қалай жүзеге асты» деген мақаласы президент штабының сотқа жүгінуіне себеп болған.

2016 жылы қарашада АҚШ-та кезекті президенттік сайлау өтті. Нәтижесінде, Республикалық партия ұсынған кәсіпкер, саясаткер Дональд Трамп жеңіске жетіп, Американың 45-ші президенті атанды. Сол уақыттан бері АҚШ-тағы сайлауға Ресей араласып, деректерді қолды етті деген гипотеза айтылып келеді.

АҚШ-тағы 58-ші президенттік сайлауға Кремль «қол сұқты» деген тақырыпта әлем басылымдары жарыса жазғаннан кейін АҚШ Барлау қызметі арнайы тексеру жүргізіп, Ресейдің араласуымен жергілікті партияның сервері бұзылды деген қорытынды шығарды. Бұдан бөлек, тексеру барысында жарияланған арнайы құжатта Владимир Путин АҚШ сайлауына араласу үшін компанияларға тікелей тапсырма бергендігі де жазылған.

1964 жылы АҚШ-тың Жоғарғы Соты саясаткерлер мен жоғары лауазымды шенеуніктердің тілшілерге айып тағу құқығын шектеу туралы заң қабылдаған. Осыған сәйкес, талапкер сот процесі басталғанға дейін барлық нақты деректерді ұсынуы тиіс.

"The Qazaq Times"