1 наурыз түс кезінде полиция қоршауға алған Алматыдағы Республика алаңы маңында сақшылар ондаған адамды ұстады.

Апта басындағы астаналық азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің түрме изоляторында жұмбақ жағдайдағы өлімінен кейін елдегі бірқатар демократиялық күштер мен Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде қызметі шектелген ҚДТ ұйымы көктемнің алғашқы күні жалпыхалықтық митингіге шығуға шақырған. Кешелі бері Алматы қаласы әкімдігінің айналасы темір шарбақпен толық қоршалып, сақадай сай дайындық жүріп жатқан еді.

Оқиға орнында редакция тапсырмасымен жүрген тілшілердің хабарлауынша, сағат 14:00-ге дейін алаң аумағынан 40-қа тарта азамат ұсталыпты. Полиция Желтоқсан мен бұрынғы Фурманов көшелерінен Сәтпаев көшесіне өтер тұсты бөгеп, көлік түгілі жаяу жүргіншілерді өткізбей жатыр. Митинг белгіленген жерге жетпей ұсталғандар да бар. Соның қатарында өзін журналиспін деп таныстырған Әсел Жаңабай, «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, танымал журналист Ермұрат Бәпи полицейлердің нысанасына ілікті. Екеуін де сақшылар автозакқа салып әкетті.

Алаңға өте алмай жатқан жаяу жүргінші. 1 наурыз 2020 жыл. Фото: QT

Алаң аумағында журналистердің жүріп-тұруына қайта-қайта кедергі келтіріп, әртүрлі шенділер тексеріп жатты.

Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысы сағат 15:00-де жариялаған дерек бойынша, Алмалы ауданының полиция бөліміне 30-дан астам ұйым мүшелері жеткізілген. Әзірге анықталған тізім:

Дильда Рамазан
Асем Жапишева
Бауржан Сабитов
Жанель Шаханова
Олжас Шаханов
Маржан Уалихан
Сеилжан Галиев
Анастасия Филиппова
Сымбат Омаркулова
Данияр Ахметжанов
Ерболат Айгак
Диана Дуйсембаева
Айжан Байтимбетова
Дина Бакраева
Айна Саматова
Дархан Шарипов
Рустам Кыпшакбаев
Айзат Абильсеит
Тамина Оспанова
Нагашыбек Бекдаир
Эльмира Койшыбекова
Динмухаммад Бекжан
Фариза Оспан
Дана Шарипова
Арина Осиновская
Азиза Есмагамбетова
Айдана Сыдыкбекова
Эдуард Касымжанов

Vlast интернет-журналының қызметкері режиссёр Данияр Ахметжанов (Adam Good) пен қасындағы операторын Түркісіб ауданының полиция департаментінің алып кеткені белгілі болды.

Бұған дейін Amnesty International  халықаралық құқық қорғау ұйымы 22 ақпан Қазақстан билігінің көпе-көрнеу ұстау әрекеті жайлы мәлімдеме жасап, Қазақстандағы ұстауды «масқара», «ұят» деп бағалады. Әрі әкімшілік жүйені сенбідегі бейбіт митинг кезінде қамалған азаматтарды дереу босатуға шақырды.

Алаң аумағында әдеттегідей азаматтық киім киінген құзырлы орган қызметкерлері бақылап жүр. Көбіне көзілдірік тағып, бас киіммен жүретін олар үнемі рация немесе құлаққап арқылы ақпарат алмасып отырады.

Тәуелсіздік монументінің алдына жиналғандарды әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің мамандары мен полицейлер бірнеше мәрте тексерді. 

Өзін кім екенін таныстырмайтын әкімдік өкілі әрдайым БАҚ өкілдерінің куәліктерін сұратып, жиі тексеруден жалыққан емес.

22 ақпан күні өткен сануцияланбаған митингте аяғында протезі барына қарамастан күштеп әкетілген 60 жастағы Айнаш Жорабекова:

– Бізге мал сияқты қарайды. Мүгедектерге төлейтін 40 мың теңге неге жетеді? Менің басты талабым - мына билік ауыссын! Кім болса ол болсын, бастысы, халық қамын ойлайтын, ел мүддесіне жұмыс істейтін адам келсін. 3700 теңге айыппұл салды, оны әлі төлегем жоқ, – дейді.

Бүгін шаңқай түсте белсенді Сәуле Әбілдаханқызын екі күннен бері аңдып келген 452 нөмірлі қара түсті мерседестегі полицей үйінен шыққан бойда сүйрелеп алып кеткен.

Өзін журналистпін деп атаған азаматты күштеп автозакқа салып әкетті.

Айналаны арнайы жасақ торуылдап тұр.

Фрилансер журналисті "сканерлеу" сәтінен.

Ұстау сәтінен. 1 наурыз 2020 жыл. Алматы. Фото: QT

Аудандық автозактардағы "ауыстыру" операциясы кезінде "Оян, Қазақ" деп айғайлаған белсендіні жабыла ұстау кезі.

Жаяу жүргіншілердің алаң арқылы өтуіне ешбір құжатсыз тыйым салып тұрған полицейлер.

"Дат" газеттер жобасының бастығы Ермұрат Бәпи ұсталып отыр делінген автозактың полицейлері ішінде "ешкімнің жоқ" екенін айтса да, журналиске қоңырау шалып осы көлікте отырғанына көз жеткіздік.

Абай ескерткішінің түбіндегі бақылау.

“The Qazaq Times”