"Ресей АҚШ-тың президенттік сайлау қорытындысына араласпады"
Ресей президенті Владимир Путин, елінің АҚШ-та 8 қараша күні болып өткен президенттік сайлау қорытындысына араласпағанын атап көрсетті. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Путин Арктика форумында жасаған мәлімдемеде Ресейдің АҚШ Өкілетті және төтенше елшісі Сергей Кисляктың тыңшылық мақсатты «құпия кездесулеріне» қатысты жарық көрген хабарларды «сандырақ» деп бағалап, «Өзінің әр кездесуі құпия әрекет деп аталуда. Шынында да бұл сандырақ емес пе? Ақ Үйдің саяси қоғамды, іскерлер және мемлекет қайраткерлерімен кездесу бүкіл әлем қабылдаған дипломатиялық бір әрекет» деді.
Владимир Путин Ресейдің АҚШ-тың үлкен күш екенін ойлағанын және ортақтық байланысы құрғысы келгенін, басқа көзқарастар болса Ресейге бағытталған провокациялы әрекет болғанын атап көрсетті.
Путин «Ресейге бағытталған көзқарасы АҚШ-тың ішкі саяси күштері тарапынан өз мүддесі мен даңқын көтеру үшін қолданылады» деді.
“The Qazaq Times”