Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қордай қақтығысы бойынша қозғалған істердің түрлері мен саны туралы мәлімдеме жасады.
«Бүгінде жүздеген адамнан жауап алынды, процессуалды іс-қимылдар, қажетті сараптамалар жүргізілуде. Барлық процессуалды дәлелдер алынғаннан кейін, кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – деді вице-министр парламент мәжілісінде тілшілерге берген жауабында.
Оның сөзінше, күн санап қылмыстық істердің тігіндісі қалыңдап жатқан көрінеді. Адам өлтіру, жаппай тәртіпсіздік, ұрлық, қарақшылық, тонау фактілері туралы қылмыстық іс қозғалыпты. Әртүрлі эпизодтар бойынша әзірге жалпы жиыны 90-ға тарта қылмыстық іс тіркелген екен.
Дегенмен ол тергеу амалдарының қашан аяқталатыны туралы нақты жауап бермеді.
«Уақыт көрсетеді. Тергеудің жалпы мерзімі қылмыстық-процессуалдық заңнама бойынша екі ай. Егер де қосымша зерттеулер қажет болса, қажетті сараптамалар тағайындау қажеттігі туындаса, онда бұл мерзім заңнамаға сәйкес ұзартылуы ықтимал», – деді Марат Қожаев.
Бұған дейін ақпанның 11-і аталған қанды оқиғаға қатысты 25 қылмыстық іс ашылғаны хабарланған еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы