«Қордай ауданында болған оқиғадан шамамен 1,7 млрд шығын келген» деп хабарлады Хабар 24 телеарнасы. Агенттіктің мәліметінше, бұл сома түпкілікті анық көрсеткіш емес. Әзірге анықталған жобасы, алдағы уақытта әлі де өсуі мүмкін.
Құжаттары талапқа сай болмаса өтемақы толық берілмейді. Қазір төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтармен жұмыс істеу мақсатында арнайы топтар құрылған. Оқиға болған Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр елді мекендерінде жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Мамандар жұрттың өтінішін тіркеп, осы жерде қабылдайды. Сондай-ақ 6 ауылда арнайы бақылау посты мен 2 мыңға тарта әскери жағдайды қадағалап тұр.
Азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылар компенсацияның әділ әрі ашық болуын сұрайды. Бағалау жұмысына жауапты сарапшыларға жүктелетін басты талап – бүлінген немесе қақтығыстан кейін жарамсыз болып қалған әрқандай мүліктің өтемі құжат жүзінде расталуы тиіс. Яғни мемлекет қазынасының қаржысы оңды-солды орта тұстан бәзбіреуге оңайлықпен қанжығасын майлап алуына жол берілмеуі керек.
ІІМ дерегінде аймақтағы қақтығыстан 30-дан астам тұрғын үй, 15 сауда дүкені, 23 автокөлік өртенгені айтылған еді. Елуге жуық жылжымайтын мүлік пен 20-дан астам көліктің жалпы шығыны 1,7 млрд теңгеге шыққан. Ал бұған дейін Арыста болған жойқын жарылыста 8635 ғимараттың 7198-і бүлінген болатын, оның 62-сі әлеуметтік нысан. Снаряд жауған қаланы қалпына келтіруге билік жалпы жиыны 56,1 млрд теңге: үкімет қорынан – 27,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 20 млрд теңге, «Самұрық-Қазына» қорынан – 6 млрд теңге бөлген. Бұдан бөлек, демеушілер мен қайырымдылық көмектен 2,6 млрд теңге жиналған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел