Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мён Бак 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Сеулдің Жоғарғы соты экс-президентті 2008-2013 жылдары аса ірі көлемде пара алғаны және бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сонымен қатар, 78 жастағы Ли Мён Бак $15,7 млн көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Прокуратура бұрынғы мемлекет басшысын автомобиль бөлшектерін шығаратын DAS компаниясының қаржысын қалтасына басты және президент болып тұрғанда Samsung Electronics-тен пара алды деген күдікке ілінген. Аталған компанияның акционері болған Ли Мён Бак бұған дейін де жемқорлыққа байланысты темір торға жабылған.

2018 жылдың  22 наурызында тұтқынға алынып, 5 қазанда Сеулдің Жоғарғы соты оны 15 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарғанымен, 2019 жылдың наурызында денсаулығына байланысты абақтыдан босатылған.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Оңтүстік Кореяның тағы бір экс-президенті Пак Кын Хе билікті теріс мақсатта пайдаланды және компаниялардан қаржы жымқырды деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"The Qazaq Times"