Сүрия мен оны қолдап отырған Ресей әскері аймақтағы бейбіт халыққа қарсы шабуылдап отыр. Бұл туралы Түркия президенті мәлімдеді.
Режеп Тайып Ердоған сөзінде: «Қазір Сүриядағы Идлиб мәселесі маңызды. Башар Асад режимінің сарбаздары шабуылдарын тоқтатып, тез арада бұл аймақтан кетуі керек. Олай болмаған жағдайда Түркия да күш қолданады. Бізге одақтас елдер көмектесетін болса одан да бас тартпаймыз. Алайда Идлибтен Үкімет әскерін өз күшімізбен де басуға шама жетеді»,– дейді.
Күні бүгінге дейін Башар Асадтың басшылығымен Сүрия әскері проирандық әскери топтармен бірге әлі күнге дейін елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында шабуылын жалғастырып келеді. Ақпанның өзінде Сүрия армиясының артиллериялық шабуылдарынан 12 түрік әскері және бір азаматы қаза тапты. Бұған жауап ретінде Түркия Сүрияның 115 үкіметтік ғимараттарын нысанаға алып, 101 сүриялық жауынгердің көзін жойғанын айтты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы