Германия Қазақстан экономикасына 8,5 миллиард доллар мөлшерінде инвестиция құйған. Инвестициялардың 90%-ы шикізатқа қатысы жоқ салаларға салынған. Бұл жөнінде Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясында мәлім болды.
Кеше Қазақстан президенті аталған конференцияға қатысу мақсатында Мюнхенге ресми іссапармен кеткен болатын. Жиынға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатыпақ. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Германияның оңтүстігіне де барады. Мюнхен конференциясының жұмысына қатысумен қатар, ол неміс бизнесінің көшбасшыларымен де екі жақты кездесулер өткізеді.
Бундестаг депутаты Аксель Фишер: «Президент Тоқаевтың Еуропаға алғашқы сапары Германиядан басталғаны зор мағынаға ие. Бұл екі елдің қарым-қатынасының берік екенінің белгісі. Біз үшін де Қазақстан Орталық Азиядағы ең маңызды әріптес. Ынтымақтастығымыздың ауқымын кеңейтуге мол мүмкіндіктеріміз бар. Экономикамен қатар ғылым мен білім беру салаларында әріптестік орнаттық. Біз өз жағымыздан әрдайым тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – дейді.
Биыл Қазақстан және Германия арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 28 жыл толып отыр. Осыдан екі ай бұрын Қазақстан президенті мен Германия канцлері кездесу өткізіп, нәтижесінде тараптар 2,4 миллиард доллар көлемінде келісімшартқа қол қойған. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының түрлі салаларында неміс капиталы бар 900-ға жуық компания жұмыс істейді. Олардың арасында бүкіл әлемге танымал брендтермен қатар шағын фирмалар да бар.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді