Түркіменстан мұнай-газ саласының қызметкерлері жалақысының 15-20 пайызын Азиада ойындарын өткізуге бөледі, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Бұл ақпаратты "Гамышлыжа небит" мұнай өндіруші кәсіпорынының жұмысшылары, сондай-ақ Балқан облысындағы "Түркіменнебит" концернінің қызметкерлері Азаттық радиосына растады.
Концерн инженерлерінің айтуынша, соңғы бірнеше күн бойы елдегі мұнай-газ саласындағы барлық кәсіпрындардың жұмысшыларын Азия ойындарына "өз еркімен көмектесу" үшін жалақының бір бөлігін беру туралы арыз жазуға міндеттеген.
Хабарларға қарағанда, қызметкерлер жалақыларының 15-20 пайызын сәуірден қыркүйекке дейін беріп отырады.
Бұған дейін мемлекеттік сектор қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлерден "өз еркімен көмектесу" жарнасы алынатыны хабарланған еді.
“The Qazaq Times”