Қордай ауданында болған ұлтаралық дауға ұласқан жаппай қақтығыстан бассауғалап Қырғызстанға қарай өтіп кеткен 8 мыңға тарта азамат елге оралды.
Бүгін, жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі төртінші күні, яғни 11 ақпан астанадағы үкімет отырысы кезінде сөз алған Жамбыл облысының су жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев «қайтарылған қазақстандықтар» туралы хабарлады әрі өңірдегі жағдайға «тұрақты, қалыпты» деген баға берді.
– Екі күннің ішінде сегіз мыңға жуық азамат қайтарылды. Кешеден бастап мектеп, балабақшаның барлығы бұрынғыдай жұмыс істеп жатыр. Барлық сауда дүкендері де жұмысын бастады, – деді комиссия төрағасы болып келіп, аймақ әкімі қызметіне тағайындалған Сапарбаев.
Бесінші мәрте облыс әкімі қызметіне кіріскен шенді «Бес күннің ішінде дәрігердің көмегіне 141 адам жүгінген, соның 19-ы – құқық қызметкерлері. Өкінішке орай, 10 адам қайтыс болды. Құрбан болғандардың барлығының отбасына жәрдем көрсетіліп жатыр» деді. Оның сөзінше, бүгінгі таңда Қордай аудандық ауруханасында 13 адам, Алматы емханасында 25 кісі жатыр. Қордайға Алматыдан білікті 10 дәрігер шақырылған. Сондай-ақ әкім Қырғызтанда аталған жағдай бойынша ешкім қалмағанын баса айтты.
Қазіргі таңда өңірдегі шығын көлемі есептеліп жатыр, анықталып болған соң зардап шегушілерге өтемақы төлеу туралы үкіметке ұсыныс жолданбақ. Жергілікті бала-бақша, мектеп жұмысын қайта бастапты.
Сонымен қатар Сапарбаев қақтығысқа байланысты «әлеуметтік саясат ешқандай сәтсіз болған жоқ, бұл Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де болатын жағдай» деп жауап берді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі