Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы ауылында болған жанжалға байланысты пікір білдірді. Шенеунік пікірі Nur Otan партиясының instagram желісіндегі ресми парағында жарияланыпты.
Қадірлі ағайын!
Мемлекетіміздің басты байлығы – елдің татулығы. Бейбіт елде ғана береке болады.
Шағын кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын кешегі Қордай оқиғасы көрсетіп отыр. Ерегістің соңы үлкен жанжалға ұласты. Адам шығыны болды. Олардың иманы саламат болсын. Біз осындай сәттерде ашуды ақылға жеңдіріп, сабырлық танытқанымыз жөн.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайда орын алған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Оларға тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Елде заң үстемдігінің сақталатынын қадап айтып, Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін Үкімет комиссиясын құрды.
Қазақстанның тыныштығы, ең алдымен, ел иесі бізге керек. Заңға бағыну - барлық қазақстандықтардың міндеті. Құзырлы органдарға күш көрсетуге ешкімге жол берілмейді.
Ұлтаралық қарым-қатынас – өте нәзік дүние. Әп-сәтте бүлдіріп алу оңай. Егер елде татулық болмаса, ең алдымен зардап шегетін халық. Заңға жүгінген, татулық пен елдікті мұрат еткен Елбасы (Нұрсұлтан Назарбаев - ред.) саясатын ұстанған елміз. Барлық мәселе заң аясында шешілуі тиіс. Баршамыз, ең алдымен, партияластар, осыған ұмтылуымыз керек.
Бауыржан Байбек


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді