Кеше, 6 ақпан Шешенстанда Ресейдің «Новая газета» басылымының тілшісі мен заңгеріне шабуыл жасалғаны хабарланды.
Аймақ астанасы Грозный қаласындағы қонақ үйлердің бірінде бір топ бұзақы журналист Елена Милашина мен адвокат Марина Дубровинаға қол көтеріп, тепкіге алған. Оқиға әуесқой бейнежазбаға түсіріліпті.
Милашина мен Дубровина Грозныйға блогер Ислам Нухановтің ісі бойынша сотқа қатысу үшін барған. Грозный орталығындағы элиталық аудан туралы бейнежазба түсіріп, Youtube-ке салған Ислам Нухановқа бұған дейін полиция «заңсыз қару-жарақ сақтады» деп айып таққан. Нуханов видеоға түсірген элиталық ауданда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың туыстары мен айналасындағы адамдар тұрады.
Журналист пен адвокат шабуылға байланысты Шешенстан полициясына арыз түсіретінін айтады.
Құқығы аяқасты болған журналист Шешенстандағы адам құқығының бұзылуы туралы көптеген зерттеу жасап, ел басшысы Рамзан Қадыровты өткір сынап келеді. Соңғы жылдары Шешенстан адам құқығы жиі бұзылып, сөз бостандығына зор қысым түсетін аймақ ретінде көзге түсе бастады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел