Бүгін үкімет үйінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайда тараған коронавирус инфекциясы туралы брифинг өткізді.
Бас дәрігердің сөзінше, 6 қаңтардан бері ҚХР аумағынан 25 858 адам Қазақстан шекарасы арқылы өткен. Олардың арасында қазақстандықтар да, шетелдіктер де бар. Бұл жөнінде мәліметті Денсаулық сақтау министрлігіне шекаралық бақылау қызметі берген.
«Қазір Қытайдан Қазақстанға келген азаматтардың 23-інің қызуы көтерілгенін анықтадық. Олардың бәрі бақылауда. Төрт адам түрлі инфекциялар жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Вирустық инфекциялардың бір-бірінен нақты айырмашылығы болмағандықтан, біз оны өткір респираторлық вирустық инфекция ретінде бағалап, адамдардан қан сынамасын алдық. Үш күн ішінде толыққанды диагностика өткізіліп, тиісті ем жүргізіледі», – деді Е.Біртанов.
Министр соңғы 14 күнде Қытайдан келген қазақстандықтар мен шетелдік азаматтар дереу жергілікті поликлиникаға барып, тіркеуге тұруын сұрады.
Ведомство індет профилактикасы ретінде науқастарды орналастыруға 4,5 мың орын дайындап қойған деседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда короновирустан көз жұмған адамдардың саны 106-ға жетті. Инфекцияны 30 провинцияда 4515 адам жұқтырған. Әлемнің 15 елінде 80 науқас тіркелген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел