Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың 587 жаңа жағдайы тіркелген. Ауру барлық өңірлерде анықталды.
Шығыс Қазақстан облысында – 231
Қостанай облысында – 57
Павлодар облысында – 49
Астанада – 47
Ақмола облысында – 39
Солтүстік Қазақстан облысында – 35
Алматыда – 30
Батыс Қазақстан облысында – 28
Қарағанды облысында – 16
Алматы облысында – 16
Атырау облысында – 12
Шымкент облысында – 8
Ақтөбе облысында – 8
Жамбыл облысында – 6
Түркістан облысында – 2
Қызылорда облысында – 2
Маңғыстау облысында – 1.
Жалпы, елде инфекцияның 118 491 жағдайы расталды. Ресми мәліметке коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия «COVID-тен емес, ілеспе аурудан қайтыс болды» деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Қазақстан билігі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесіне қарамастан коронавирус пневмониясына шалдыққандарды COVID-19 статистикасына қоспай отыр. 1 тамыздан бері 39 115 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 29 203 адам жазылған, 410 адам қайтыс болған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті