Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, 5 қарашада Қазақстанда 591 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Бір күнде 200 адам жазылды.
Осы аптада Қазақстанның бірқатар облыстарында шектеу шаралары күшейді. 9 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары, Көкшетау қалаларында блокбекеттер қойылып, аумаққа кіріп шығу шектеледі. Қазір Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары аумағына кіріп-шығу үшін жолаушылар қолында ПТР-тест нәтижесі болуы тиіс.
7 қазан денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың коронавирус эпидемиясы туралы болжалды сценарийдің үш нұсқасын таныстырған. Оның айтуынша, болжамға апта сайын түзетулер енгізіліп отырады. Алексей Цой ұсынған пессимистік сценарий бойынша, қазан-желтоқсанда 190 мың адам вирус жұқтырып, 65 мың адамды ауруханаға жатқызуға «тура келеді». Мұндай жағдайда «желтоқсанның ортасында локдаун енгізілуі ықтимал». Тағы бір нұсқа реалистік сценариге сәйкес, қазан-желтоқсанда 90 мыңдай адам вирус жұқтырып, 30 мыңын ауруханаға жатқызуға «тура келеді».
Бұл жағдайда «локдаун қаңтарда енгізілуі мүмкін». Цой егер жұрттың 100 пайызы маска тағып жүрсе, қатаң карантин болмайтынын, қазан-желтоқсанда шамамен 40 мың адамға вирус жұғып, 15 мың адам ауруханаға түсетінін айтады. Пандемия кезіндегі модератор ведомствоның басшысы карантиннің басты индикаторы ретінде елдегі ауруханалардың 70%-ы толса, қатаң локдаун жариялау керектігін мәлімдеген.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы