Мемлекеттік Дума Конституцияға түзетулер енгізу туралы президенттің ұсынысын бірінші оқылымда қабылдады. Өткен аптада Владимир Путин саяси жүйені өзгерту және әлеуметтік кепілдіктерді бекіту туралы жобаны ұсынған болатын.
Заң жобасын қабылдау үшін 432 депутат қолдап дауыс берді. Қарсы болғандар да, қалыс қалғандар да болған жоқ.
15 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путин Үкімет отставкасын қабылдады. 20 қаңтарда Парламентке түскен заң жобасында Конституцияның 22 бабын өзгерту туралы ұсыныс бар. Бұл өзгерістер билік тармақтары арасында өкілетті басқаша бөлуді көздейді: Ресей Конституциясының халықаралық заңнамадан жоғары тұрғанын бекітуді ұсынады. Сонымен қатар, президент негізгі заңда өзі қалпына келтірген мемлекеттік кеңестің статусы мен рөлін бектеді.
Сарапшылардың пікірінше, Конституцияға өзгерістер енгізіп, үкіметті отставкаға кетіру арқылы Путин «қазақстандық сценарийді» таңдаған. Франциялық Le Monde басылымы: «Басты дүние – 67 жаста болса да билікті басқарып отырған Путиннің саяси жүйесі. Мемлекеттік Кеңес, басқа да органдардың күшеюі әлі күнге дейін күмәнді. Бұл жайт 2019 жылы президент қызметінен кеткен, бірақ Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы ретінде саяси сахнада басты рөлін сақтап келе жатқан Қазақстанның бұрынғы басшысы Н.Назарбаевтың жоспарын еске салады», – деп жазған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы