Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дәриға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторлары И.Адырбеков, М.Алтынбаев, Н.Әбіқаев, С.Жақсыбеков, Л.Қиынов, Г.Ким және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөліміне арнайы іссапармен келді. Бұл туралы Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қайрат Ақтанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ 6506 әскери бөлдімінің командирі Жамбыл Құлбаев депутаттарды 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік қызметі және әскердің жеке құрамына жүктелген құқық қорғау міндеттері туралы, сондай-ақәскери құрылымды одан әрі дамытудағы келешекте атқарылатын істер жайында хабардар етті.
Іссапар барысында сенаторларға техниканың, қару-жарақ пен қорғаныс құралдарының жаңа үлгілері, сондай-ақ Ұлттық ұланныңжетілдірілген жаңаша әскери киім үлгілері таныстырылылды.
Әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысқан Дәриға Нұрсұлтанқызы бастаған жұмыс тобы 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында болған қақтығыста ерлікпен қаза тапқан Ішкі әскердің жаужүрек 17 жауынгерінің ескерткішіне тағзым жасады.
Іс-шара соңында депутаттарға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен құрылған «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жауынгерлік әдіс-тәсілдерден қойылымдар көрсетті.
«The Qazaq Times»