БҰҰ соңғы онжылдықта ірі қаржылық дағдарысқа ұшырады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Сол себепті БҰҰ-ға мүше Ливан, Венесуэла, Орталықафрикалық Гамбия, Лесото, Тонга және Йемен сияқты барлығы 7 мемлекет ұйымның бюджетіне төленетін жарна төлемеуі себепті Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан уақытша айырылды.

БҰҰ Жарғысының 19 бабына сәйкес, ұйымға екі жылдан астам уақыт көлемінде қарыхын төлемеген мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқынан айырылады. Өткен жылы БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 146-сы ұйымға жарналарын толық төлеген. Ұйымға мүше 47 мемлекет төлемеген.

БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары үшін бюджет бөлек құралады. Биыл оның көлемі 6,7 миллиард доллар болса, келер жылға 6,5 миллиард деп бекітілген. Алайда, ұйымның 3,3 миллиард доллар болатын бюджетінің 2 миллиарды ғана жиналған. Себебі, ұйымға мүше кей елдер тиісті жарнаны аудармағандықтан, қажетті қаржы қоры жиналмаған. Салдарынан 44 мың қызметкердің жалақысын төлеу қиындай түскен.

Мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда ұйымға мүше 193 мемлекеттің 129-ы ғана тиісті жарнаны төлеген. Осы ретте ұйымға басты борышкерлердің бірі — Құрама Штаттары. Қазір АҚШ-тың үлесі Бітімгерлер қызметінің жалпы бюджетінің 28%-ы. Уашингтон өткен жылы 380 миллион доллар төлемесе, биыл оның ұйымға қарызы 670 миллион долларға жеткен. АҚШ президенті Дональд Трамп Америка жарнасының тым үлкен екенін айтып, оны реформалауды ұсынып отыр.

"The Qazaq Times"