Қазақстан демекратиялық қозғалысының қара нары, барша қазақтың алтын тұмары "Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына" қол қойған тарихи тұлға Серікболсын Әбділдин сексен үшке қараған шағында бақилық болды. Бұл туралы белгілі журналист, қоғам қайраткері Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында "Қазақстан демократиялық қозғалысының пайғамбары Серікболсын аға (Әбділдин) өмірден өтті деген суық хабар келді... Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді... Қазақстанның тәуелсіздігін Назарбаевтан бұрын жария етіп, "Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына" қол қойған тарихи тұлға еді...
Қош бол, асыл аға!" деп жазды.
Әбділдин Серікболсын(1937 ж.т.) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. (1986). 1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы.
Бақыл болыңыз қаймана қазақтың демократияға жол сілтеген жарық шырағы!