Өзбекстанда парламент сайлауы қорытындысы бойынша президент Шавкат Мирзиеевтің либерал-демократиялық партиясы жеңіске жетті.
Кәсіпкерлер мен іскер адамдардың саяси қозғалысы Олий Мәжілістің заңнамалық палатасынан ең көп орын алып отыр. Оларға 43 мандат үлестірілмек. Елдің Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіштері бойынша алдын ала мәліметтер жариялады. Оған сәйкес өзбекстандықтардың 70%-ы өз таңдауын жасаған. Яғни шамамен 19 млн-ға жуық адам дауыс беруге қатысқан. Парламенттік сайлауға қатысқан басқа төрт партия да төменгі палатаға өткен.
Орталық сайлау комитетінің ресми мәліметінше, Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы (президент Шавкат Мирзияев осы партияның мүшесі) – 43;
«Миллий тикланиш» («Ұлттық жаңғыру») демократиялық партиясы – 35;
«Адолат» социал-демократиялық партиясы – 21;
Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы - 18
«Өзбекстан экология қозғалысы» – 11 орынға ие болды.
Айта кетейік, бұл – Шавкат Мирзияев билікке келгелі бері өткен алғашқы парламент сайлауы. 2016 жылы Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін оның орнына келген Мирзияев елде реформа жасауға уәде берген. Бірақ оппозиция өкілдері Өзбекстанда саяси өзгеріс жасауға Мирзияевтың батылы жетпей отыр деп есептейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?