27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды. Бірінші мәселе көктемгі су тасқынына байланысты болды. Бұл туралы облыстық баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Павел Филипповтың баяндамасы бойынша 24 наурызда Iшкiстер вице министрi Юрий ИльинСолтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс аумағында су тасқыны болуы мүмкiнмекендердi әуеден бақылап, көктемгі су тасқынына байланысты дайындыққа оң бағасын берді және бірқатар ескертулер жасады.
«Үлкен Тараңғұл көлінен суды сифондық жолмен ағызу жұмысы жеткіліксіз деңгейде жүргізілген. Осы уақытқа дейін Чириковка ауылы маңындағы су жинайтын каналды тазалау жұмыстары жасалмаған», - деді Павел Филиппов.
СҚО-да 627 су жүргізу құбыры бар, олардың 580-і тазаланған. Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында 879 құбыр немесе 98%-ы тазаланған. Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында 478 құбыр немесе 93%-ы тазаланған.
Петропавлда 11,2 мың метр ашық жауын-шашын суағарлары тазаланған.
Осы орайда өңір басшысы Құмар Ақсақалов қала әкімі Марат Тасмағанбетовтен жауын-шашын суағарларын тазалау бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы сұрап білді. Облыстық орталық басшысының айтуынша 1 сәуірге дейін толық тазартылады. «Бұдан басқа, үстіміздегі жылы Екатеринбург қаласынан арнайы машинаны жалға аламыз. Бүгінгі таңда Жамбыл көшесіндегі суағарларды тазалауға кірісті. 1100 метр тазартылды», -деді Марат Тасмағанбетов.
Облыс әкімі Петропавл және аудан әкімдеріне тез арада су жіберу құрылыстары мен су ағызу каналдарын тазалау жұмыстарын аптаның соңына дейін аяқтауды, елді-мекендерден қар шығару жұмыстарын екі ауысымда ұйымдастыруды, қауіпті аумақтарға инертті материалдарды, ыдыс-қаптарды, техниканы дайындап қоюды тапсырды.
«Біздің мақсатымыз - халықтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасау. Қардан тазарту, барлық су өткізу құрылыстарын тазарту арқасында жол төсемі сақталады», - деді Құмар Ақсақалов.
Бүгінгі таңда жалпы алғанда облыстың елді-мекендерінен 996 мың текше мерт қар шығарылды.
Сондай-ақ, кеңесте облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елді-мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалау мәселесі қарастырылды.
Облыс басшысының ойынша, негізгі мақсат жаңа кәсіпорындарды ашу мен істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту аясында жұмыс орындарды ашу.
Жаңа жұмыс орындарын ашу – бұл әкімдер жұмысының басты көрсеткіші. Бұл бағытта жұмыс Тимирязев, Мамлют және Жамбыл аудандарында нашар жүргізілуде.
Жиналыста индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы да сөз етілді. Облыстың Есіл, Мамлют, Жамбыл аудандарында бағдарламаның екінші бес жылдығы бойынша жобалар жоқ. Өңірде 2017 жылы 6 жобаны іске қосу жоспарланған. Облыс әкімі облысқа инвестицияларды тарту бойынша жағымды жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Кеңесте ауыл шаруашылығы саласы мәселелері де қарастырылды. Өңір басшысы дәнді бұршақты дақылдарын себуді 1,5 есеге немесе 89 мың гектардан 130 мың гектарға дейін арттыру мақсатын қойды. «Үстіміздегі жылы бізге ауыл шаруашылығы айналымына 71 мың гектардан кем емес егістік жерді тартып, егістік жер құрамындағы егіс айналымын 75-тен 80%-ға дейін арттыру қажет», -деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, облыс әкімі кезекті рет облыс орталығы мен аула маңайын абаттандыру мен санитарлық тазалау мәселесіне назар аударып, өңірдің әрбір азаматын бұл жұмысқа тарту қажеттілігін атап өтті.
“The Qazaq Times”